Депутаттар қашықтан оқыту жүйесіндегі кемшіліктерді тез арада шешуді талап етті

09.09.2020

Қашықтан оқыту жүйесіндегі олқылықтарды бүгін Мәжіліс депутаттары сынға алды. Депутаттардың сөзінше, білім саласын цифрландыруға соңғы 9 жылда 72 млрд теңге бөлінген. Оның 30 млрд-ы E-Learning электронды оқыту жүйесіне бөлінді. Бірақ нәтиже жоқ. 

Пандемия білім саласындағы біраз былықтың бетін ашты. Соның бірі цифрландыру саласындағы сан сұрақ. Бірнеше министрліктің бірігумен жасалған 7 онлайн платформа жаңа оқу жылына дайын болмай шықты. Жүйесіздіктен оқу процесі үзіле береді, ал ата-аналардан шағым көп. Дәстүрлі оқу мен онлайнның ортасында жүрген бастауыш мұғалімдеріне жүктеме көбейді. Интернеттің сапасы да айтыла-айтыла жауыр болды.

Жәмилә Нұрманбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Жаңа оқу жылы басталысымен оқушылар көптеген кедергілерге кездесті. 55000 оқушы бар 835 ауылда әлі күнге дейін интернет жоқ. 1 млн білім алушы компьютермен қамтылмаған. Осы мәселелерге байланысты, министрлік күші біріктіру керек, бөлінген ақша тиісті шараға жұмсалу керек, бірыңғай онлайн платформа құрып, сапасын арттыру

Депуттатар білім саласындағы жүйесіздікті жою үшін дәстүрлі оқыту жүйесіне көшу керек дейді. Олардың сөзінше қазақ елі талай қиындықтарды еңсерді. Бірақ ешуақытта білім ордасы жабылмаған. Ол кездегі бейімделу бүгіннен де қиын еді. Соған қарамастан білім саласы ақсаған жоқ. Ал қазіргі жағдай тым басқа. 

Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл жүйе уақытша болып көрінген еді. Алайда, міне, бесіншы айға созылды. Білім саласы қашықтан оқыту форматы жалғастырып келеді. Біз санитарлық талаптарды ескеріп, тазартқыш сәулелі ионды құралдар орнатып, бетперде, санитайзер қолданып, ара қашықтық сақтап, дәстүрлі білім беруді жалғастыруымыз керек.  

Иә біздің елдегі қашықтан оқыту жүйесін Германия, Франция, Ұлыбритания, Қытай сияқты елдермен салыстыруға келмейді. Егер оқушылар мен студенттер бұрыңғы оқу жүйесіне көшпесе білім сапасы нашарлап, балалардың білім алуы құқығы шектеледі. Білім саласындағы былықты тізбектеген депутаттар министрлікке екі талап ұсынды. Бірі қашықтан оқыса, білім беру жүйесі әр оқушыға қолжетімді болу керек. Немесе бұрыңғы дәстүрлі оқыту жүйесіне көшу керек. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу