«Abai tv» телеарнасының 2021 жылға арналған жаңа жобаларға байқауы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Abai tv» телеарнасының 2021 жылға арналған жаңа жобаларға байқауы

06.11.2020
«Abai tv» телеарнасының 2021 жылға арналған жаңа жобаларға байқауы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасына 2021 жылға арналған жаңа жобаларға байқауы. 

Ұсыныстар келесі тақырыптық бағыттар бойынша қабылданады:

 - Ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы;

- Ұлттық және әлемдік мәдениетті дәріптеуге бағытталған жобалар;

- Тарихи-танымдық бағдарламалар;

- Музыкалық-танымдық хабарлар;

- Тарихи-мәдени деректі фильмдер;

Каранатин талаптарына сәйкес, байқауға қатысушы компания жоба концепциясын тек онлайн жолдай алады. Жұмыстарды 2020 жылғы 10 желтоқсанға дейін info@abaitv.kz электронды поштасы арқылы жіберу қажет. 

Өтініш формасын мына жерден ЖҮКТЕП АЛУҒА болады.

Қойылатын талаптар: 

Қатысушы аутсорсинг компанияның телевизиялық өнім өндіру саласындағы тәжірибесі болуы шарт. «Abai tv» телеарнасы Көркемдік кеңес талқысынан өткен жоба авторларына ғана хабарласатынын мәлімдейді.

Қосымша сұрақтар бойынша: 8(717) 2 39-62-38.

Abai tv байқау

Хабарламаларға жазылу