«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Abai tv» телеарнасына 2022 жылға арналған жаңа жобаларға байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Abai tv» телеарнасына 2022 жылға арналған жаңа жобаларға байқау жариялайды

17.11.2021
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Abai tv» телеарнасына 2022 жылға арналған жаңа жобаларға байқау жариялайды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасына 2022 жылға арналған жаңа жобаларға байқауы. Ұсыныстар келесі тақырыптық бағыттар бойынша қабылданады:

- Ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы;

- Ұлттық және әлемдік мәдениетті дәріптеуге бағытталған жобалар;

- Тарихи-танымдық бағдарламалар;

- Музыкалық-танымдық хабарлар;

- Тарихи-мәдени деректі фильмдер;

- Интеллектуалдық жобалар;

Байқауға қатысушы компания ұсынатын жоба концепциясын 2021 жылғы 20 желтоқсанға дейін korkemdikkenes@abaitv.kz электронды поштасы арқылы жіберуі қажет.

Қойылатын талаптар: Қатысушы аутсорсинг компанияның телевизиялық өнім өндіру саласындағы тәжірибесі болуы шарт.

«Abai tv» телеарнасы Көркемдік кеңес талқысынан өткен жоба авторларына ғана хабарласатынын мәлімдейді.

Қосымша сұрақтар бойынша: 8(717) 2 39-62-38.

Қазақстан Abai tv Абай телеарнасы жоба телеарна

Хабарламаларға жазылу