Қазақстанда «Abai tv» және «Әл-Фараби» телеарналары ашылады

29.06.2020
Қазақстанда «Abai tv» және «Әл-Фараби» телеарналары ашылады

Биыл «Abai tv» және «Әл-Фараби» телеарналары ашылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті

«Министрлік тарапынан отандық ақпарат кеңестігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен дамыту бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде. Қазіргі кезде Қазақстанда жаңа «Abai tv», «Әл-Фараби» телеарналарын ашу мәселесі қарастырылып жатыр», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында. 

«Abai tv» телеарнасы 30 маусымнан жұмысын бастайды. Ол «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына кіреді және отандық мәдениет мұрасын насихаттайтын арна болады. 

«Екінші тележоба - «Әл-Фараби» телеарнасы. Ол «Хабар» телеарнасының базасында жаңа оқу жылының қарсаңында көрсетіле бастайды. «Әл-Фараби» телеарнасы оқу-ағарту телевизиялық платформа болады және 6-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналады», - деді А.Балаева.

Хабарламаларға жазылу