«Қазақстан» телерадиокорпорациясы медиамектебінің жаңа кезеңіне өтінім қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы медиамектебінің жаңа кезеңіне өтінім қабылдау басталды

31.10.2023

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі жаңа кезеңін бастайды. Бұл – журналистика, медиатехнология, кино өнері және телевизия факультеттерінде оқитын студенттерге арналған тамаша мүмкіндік.

Аталған мамандықтар бойынша III, IV курста білім алып жүрген жастар өтінімдерін 2023 жылдың 10 қарашасына дейін qazaqstan.tv сайты арқылы бере алады. Медиамектеп мақсаты – білікті кадрлардың тәжірибесін бөлісе отырып, ізбасар мамандар даярлау. Ең үздік түлектерге еңбек жолын «Қазақстан» телерадиокорпорациясынан бастауға мүмкіндік беріледі. 2021 жылдан бері жоба аясында 60 студент білім алып шыққанын айта кетейік. Қазіргі таңда медиамектептің 13 түлегі Корпорацияға қарасты «Qazaqstan», «Balapan», «Abai tv» телеарналарында қызмет етеді.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу