«Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» онлайн жобасы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» онлайн жобасы іске қосылады

05.11.2020

9 қарашадан бастап елімізде «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» республикалық онлайн жастар жобасы іске қосылмақ. Дәстүрлі түрде биыл үшінші жыл қолға алынғалы отырған жобаның негізгі мақсаты - жігерлі жастарды біріктіру, зияткерлік қабілеті мен тұлғалық қырларын жетілдіру. Сондай-ақ олардың кәсіпкерлік және волонтерлік қызметін дамытуына жағдай жасау. Онлайн шарада еліміздегі ең танымал 25 сарапшы жастарға түрлі тақырыпта дәріс өткізеді деп жоспарланған. 

Шахмардан Байманов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы:
Бұл жерде бес бағытты таңдап отырмыз. Бұл тақырыптарды жайдан-жай алған жоқпыз. Бұл - жастардың талғамына, қазіргі трендтерге негізделген тақырыптар, осы дағдыларды біздің үздік коуч-тренерлер оқытады. 

Ақниет Балтанова

жастар жоба

Хабарламаларға жазылу