Елбасы Кентау, Мойынқұм, Хромтаудағы зауытты іске қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Кентау, Мойынқұм, Хромтаудағы зауытты іске қосты

01.07.2016
Елбасы Кентау, Мойынқұм, Хромтаудағы зауытты іске қосты

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру жұмыстарының бірінші жартыжылдықтағы қорытындысына арналған телекөпір кезінде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облысындағы үш зауытты іске қосты.

Атап айтсақ, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Мыңарал ауылындағы «Цемент» зауыты, Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы «Восход-Ориел» зауыты, Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласындағы «Югэлектропривод» зауыттары.

«Үш өңір де барлығымызға белгілі аймақтар. Әсіресе, Мойынқұмда ашылып жатқан «Цемент» зауытына қуаныштымын. Ауылда жүрген азаматтар өндіріске тартылып, жұмысқа тұрғаны мені өте қуантады. Сол үшін де осы бағдарламаны жасадық. Хромтау да маған белгілі. Талай рет болғанбыз. Жаңа өндіріс. Сондықтан, болашағы өте зор. Оңтүстік Қазақстандағы Кентау қаласы бұрыннан белгілі. Кентау трансформатор зауыты қазіргі кезде басқа жерлерде филиалдарын ашып жатыр. Өсіп-өніп келеді. Бұл -  қазіргі ең қажетті, елге керек сала. Әрі қарай өндіріс көлемін үлкейтіп, бәсекелестікке сай болып жасай берсеңдер, Кентаудың да жағдайы жақсы болады. Кентау - әдемі қала. Сондықтан, табысты болыңыздар. Құттықтаймын! Еліміздің өркендеуіне еңбек ете беріңдер», – деді Мемлекет басшысы.

www.baq.kz

Хабарламаларға жазылу