Көкшетау маңына санитарлық бекеттер қойылады
Көкшетаудан шығатын алты бағытта 7 қарашадан бастап санитарлық бекеттер қойылады. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сай, қалаға кіріп-шыққандар тексеріледі, есепке алынады.
Сондай-ақ, облыс бойынша карантиндік шаралар күшейтіледі. Тұрғындарға аса қажеттілігі болмаса, сағат кешкі 21:00-ден таңғы 6;:00-ге дейін көшеге шығуға болмайды.
Мекемелердің жұмыс уақыты сағат 19;00-ге қысқартылады. Тек азық-түлік дүкендеріне кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. Аймақта індетке шалдыққандар күрт көбейген. Ақмола облысында 2 күнде 55 науқас анықталса, оның 31-і Көкшетаудан. Соңғы аптада ауру жұқтырғандар саны өткен жұмадағы көрсеткіштен 2 есе көп.
Айнагүл Мусина, Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы:Санитарлық бекеттер арқылы тұрғындардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік аламыз. Ол жерде адамдар тіркеледі және дене қызуы тексеріледі.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғылымға қолдау - болашаққа инвестиция
10.04.2026, 18:35
Болашақ ойындары-2026 : Волонтерлерді іріктеу басталды
10.04.2026, 18:28
Түркиядағы студенттер бауырсақ пісіріп сайысты
10.04.2026, 17:35
Таразда қолөнер шеберлерінің халықаралық фестивалі өтеді
10.04.2026, 17:33
Талдықорған - Астана бағытында пойыз жүре бастады
10.04.2026, 17:30
Ырғыз ауданында ветеринар тапшы
10.04.2026, 17:27
Ақтауда «Хакатон – жарқын идеялар» байқауы өтіп жатыр
10.04.2026, 17:25
Қызылордада ғылыми жобалар көрмесі болды
10.04.2026, 17:22