Жастарды жұмысқа тарту мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастарды жұмысқа тарту мәселелері талқыланды

03.11.2020

Адал еңбекпен келген несібе қашанда берекелі болмақ. Студент және жұмысшы жастарды қатыстырып «Jas Otan» жастар қанаты Павлодар филиалы ұйымдастырған кездесуде осы мәселе талқыланды. Шараға өндірістік орындарда жұмыс істеп жүрген қыз, жігіттер, кәсіпорын басшылары және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері қатысты. Негізінен жастардың әлеметтік бойкүйездігін жеңуге себеп болатын, жұмыс орындарының жайлылығы, жұмыс беруші тарапынан ынталандыру, жаңа нәрсеге үйрету сынды сұрақтар талқыланды. Сондай-ақ өндірісте шыңдалған жұмысшы жастар арасында бастамашыл, белсенді азаматтар көп. Олардың да бір салада шектеліп қалмай қоғамдағы белсенділігін арттыруға жағдай тудыру керек

Ғабит Хафиз, «Jas Otan» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы:
Дипломды енді алған жастардың жұмыс тәжірибесінің жоқтығы түрлі мәселе туғызады. Одан бөлек, дәл бүгінгі күнде өзекті болып тұрған ол пандемия жағдайына байланысты көп жерде мораторий, жұмысқа алмайды. Сондықтан жастарды қашықтықтан жұмыс істеуге үйрету керек.

Болат Аманбаев

жастар Jas Otan

Хабарламаларға жазылу