Жангелді Шымшықов: Жастарды ғылыми өмірге баулу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жангелді Шымшықов: Жастарды ғылыми өмірге баулу керек

21.05.2018

17-19 мамыр аралығында елімізде XI Астана экономикалық форумы өтті. Әлемнің алпауыттары бас қосқан жиынның ерекшелігі неде?

Студия қонағы экономика ғылымдарының кандидаты Жангелді Шымшықов осы және шара төңірегіндегі басқа да сұрақтарға жауап берді.

«Форумда жаһандық экономикалық, цифрлық экономикаға ауысу, инвестиция тарту мәселелері талқыланды. Жиынға Нобель сыйлығының 16 лауреаты, 24 елдің өкілдері қатысты.

Одан кейін «Ақылды қала» жобасы талқыланды. Бұл тәжірибе әлемде қолданылып келе жатыр. Бұл жобаны біз іске асыруға дайынбыз. Әлемдегі барлық жаңа дүниеге біздің ел ашық.

Мұндай форумдарда әркім өзінің тың ойларын ортаға салады. Ол кездейсоқ жаңалық болуы  мүмкін. Сол ойларды іске асыра алсақ, нұр ұстіне нұр.

Форум қатысушылары экономикамызды рухани дамумен ұштастыратынымызды байқап, атап өтті. Мысалы, «100 жаңа оқулық» жобасы.

Бүгінгі күннің ғылыми жаңалықтарынан көз жазып қалмау, оны игеріп, насихаттау, жастарды ғылыми өмірге баулу керек», - дейді маман.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу