Ақтауда «Zhasproject» жобасы аясында әлеуметтік жобалар көрмесі ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда «Zhasproject» жобасы аясында әлеуметтік жобалар көрмесі ұйымдастырылды

23.11.2022

Ақтауда «Zhasproject» жобасы аясында жүзеге асқан үздік әлеуметтік жобалар көрмесі ұйымдастырылды. Оған грант ұтып алған жас кәсіпкерлер шығарған өнімдер қойылды. Тарих пәніне арналған инновациялық көрнекіліктер, балалар киімі мен ауыл шаруашылық өнімдері жобаның нәтижелі болғанын көрсетті. Ал, «Үздік тәжірибелер» форумында жоба жеңімпаздарының жетістіктері айтылып, кәсіп бастаудың қыр-сыры талқыланды. Жиынға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысты. Ол жастарды жұмысқа тарту және кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін, нақты іске асырылып жатқан жобалармен таныстырды. «Zhasproject» жобасы жұмыссыз жастарға арналған. Биыл облыс бойынша 63 жеңімпаз анықталып, оларға 1 млн теңгеден грант берілді.

Ұлмекен Жарасбаева, «Zhasproject» жобасының грант иегері:

Мен әрқашан ерекше балалардың қоғамға бейімделуі және білім алу алаңдататын және қызықтыра түсетін. Ең қызығы, осы «zhasproject» жобасы осы арманымды жүзеге асыруға маған үлкен мүмкіндіктер сыйлады. «Zhasproject» жобасынан жеңіп алған грантыма осы балаларды оқытуыма қажетті кабинетті жабдықтауыма толықтай жеткілікті болды.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу