«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енеді

18.03.2015
«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енеді

«Болашақ» халықаралық бағдарламасына өзгерістер енгізіледі.

Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаевтың айтуынша, енді стипендианттар қазіргідей бар уақытын шетелде өткізбейді.

Мемлекеттік хатшының төрағалығымен шетелде кадрлар дайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында осы және басқа да мәселелер талқыланды.

Гүлшара Әбдіқалықова «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алған жастарды мемлекеттік қызметке белсенді түрде тарту қажеттігін айтты.

Себебі, мемлекеттік органдарда бағдарлама түлектерінің тек 6,5 пайызы ғана жұмыс істейді.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу