Дәретхана қағазын шығаратын цехтағы жарылыстан бір жұмысшы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәретхана қағазын шығаратын цехтағы жарылыстан бір жұмысшы қаза тапты

29.10.2020
Дәретхана қағазын шығаратын цехтағы жарылыстан бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін сағат 11:31-де Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында дәретхана қағазын шығаратын цехта қағаз кептіруге арналған қазандықтың жарылғаны туралы ТЖ департаментіне хабарлама түскен. Және де ол жерде  шатырдың бір бөлігі құлағаны белгілі болды. Апаттан  1983 жылғы жұмысшы қаза тапты.

Ал, 1999 жылғы жұмысшы түрлі жарақатпен Ұйғыр ауданының орталық ауруханасына жетті. Оқиға орнында өрт болмаған.  ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, цехтың ауданы 200 шаршы метр, ал апат орнының көлемі 25 шаршы метр. Алдын ала болжам бойынша өндіріс технологиясы бұзылып, апат орын алған.

Дәретхана қағазы цех жарылыс Алматы облысы Шонжы ауылы

Хабарламаларға жазылу