Түркістан облысында жарылыстан күйіп қалған жұмысшы қаза тапты
Түркістан облысындағы цемент зауытының цехында болған жарылыстан зардап шеккен екінші жұмысшы ауруханада қаза тапты. 58 жастағы марқұмның денесін толықтай күйік шалған еді. Сайрам аудандық ауруханасының дәрігерлері қажетті емдік шараларын жасағанымен оны аман алып қалу мүмкін болмады. Ер адам жансақтау бөлімінде жантәсілім етті. Бұған дейін дәл осы ауруханада 53 жастағы жұмысшы көз жұмған еді. Үшінші адам денесінің 70 пайызы күйік шалып, Шымкенттегі орталықта ем қабылдауда.
Еске салайық, төрт күн бұрын Састөбе елдімекеніндегі зауыттың цехында жарылыс болып, үш адам ауруханаға жеткізілген еді. Қазір өңірдің полицейлері кәсіпорындағы жағдай бойынша тергеу жүргізуде.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтау мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
23.01.2026, 17:41
Алматыдағы мектепте ЖИ зертхана ашылды
23.01.2026, 17:36
Тараздағы әскери мектеп-интернатқа 180 бала қабылданды
23.01.2026, 17:33
Ғылымға бет бұрған ғалымдар көбейіп келеді
23.01.2026, 17:30
Жастарды қолдау шаралары жүйелі жұмыс істеуде
23.01.2026, 17:27
Абай облысы жедел жәрдем көліктерімен толықты
23.01.2026, 17:24
Қарағанды облысында жаңа мәдениет үйі ашылды
23.01.2026, 17:21
О.Сүлейменовты Нобель сыйлығына ұсынды
23.01.2026, 17:18