Парламенттің жоғарғы палатасы бүгін маңызды екі заң жобасын қабылдады.
Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында екі заң жобасы қаралып, сенаторлар оларды қабылдады.
Атап айтсақ, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» заң жобасын, ал, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын сенаторлар алдында қорғап шықты.
Руслан Дәленов бұның алдында Президент бекіткендей, 2020 жылы Ұлттық қордан 4 млрд 770 млн теңге трансферт алуды сұрады.
Ал, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау аясында коронавируспен күреске қосымша 238,7 млрд теңге қаражат бөлу туралы заң жобасын қабылдатып шықты. Дәленов атап өткендей, ұлттық қордан алынатын қаражат мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттерін орындауға жұмсалады. Ал, 238,7 млрд теңге бұған дейін хабарлағанымыздай, нақты үш бағытқа бөлінеді.
Сенаторлар екі заң жобасын бірауыздан қолдап, оны жоғарғы инстанцияларға жіберді.