Мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі басты назарда болуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі басты назарда болуы керек

28.08.2020

Мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысын өсіру керек. Себебі елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қымбаттаған. Қазақстан коммунистік халық партиясы өткізген дөңгелек үстелде осындай ұсыныс айтылды. Партияның елордадағы бөлімшесінің бірінші хатшысы қаладағы 36 мыңдай әлеуметтік маңызы бар нысанның 64 пайызы мүгедек азаматтар үшін қолайсыз екенін мәлімдеді. Ерекше қажеттілігі бар адамдардың құқығын шектейтін мәселелер жергілікті басқарушы орган өкілдерінің қатысуымен талқыланды.

Нұрдәулет Оразханов, ҚКХП Нұр-Сұлтан қалалық комитетінің бірінші хатшысы:

- Бүкіл қала бойынша 26 мың мүгедекке 36 инватакси жұмыс істейді. Бұл жеткіліксіз. Көп мүгедек «емханаларға, басқа жерлерге бара алмадық, уақытылы такси келмеді» деп өз уәждерін айтып жатады.

Қостанай облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші 300-ден астам компания мемлекеттен берілетін жеңілдіктерді пайдалана алмай отыр. «Ауыл» партиясы өкілдерінің мәліметінше, олар «Ауыл шаруашылығын қолдау» бағдарламасына енбегендіктен, салықтан босатылмай қалған. Әзірге олқылықты заңдық негізде жою мәселелері қаралып жатыр. Бұдан бөлек, партия шаруашылықты оңтайландыру мен шаруаның құқығын қорғау сынды мәселелерге ден қойып келеді. 

Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу