Баспананы жеңілдікпен жедел алудың қандай жолдары бар? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баспананы жеңілдікпен жедел алудың қандай жолдары бар?

29.06.2019

Қарыздың қамытын киіп, қақпанға түсудің қиындығын қазақтың осы айтқанынан-ақ аңғаруға болады. Мемлекет әлеуметтік әлжуаз топтарға жәрдем жасайды дедік. Бірақ мұның бір реттік екенін ескеру керек. Өйткені өз қажетіңе жаратқан ақшаны өзің төлеуге міндеттісің. Осы тұста алдына келген ағайынға уыстап ақша беріп, артынша пайызын аспандатып жұртты желкелейтін орталықтарға қатаң талап қойылады. Енді елге ақшаны үстемақымен үлестіре беруге болмайды. Жәрдемге мұқтаж жандардың несиесін жабу үшін мемлекет 105 миллиард теңге жұмсайды делінді. Дөңгеленген дүние дүрмекте қаржылық дағдарыстың табы басылмай, алпауыт мемлекеттер сауда соғысына білек түріп кірісіп, бір-біріне санкция салып салғыласып жүргенде кредиттің кесірінен, оның өсімінен ағайынды арашалап қалу қиын іс. Мұны түсіну керек. Елдің еңсесін көтеру үшін тағы бір түйткілдің түйіні тарқатылмақ.

Баспана салудың басты бағыт болатынын ескерткен Президенттің соңғы сөзіне назар аудару керек. «Әзірге»-деді. Демек алдағы уақытта қарапайым қарашаға бұйыратын қара шаңырақтың саны бұдан да көбейеді деген сөз. «Ойдағы үй — селдікі, өрдегі үй — желдікі, жазықтағы үй — елдікі» деген бар. Бұқараға берілетін баспана Президент айтқандай жеделдікпен соғылатын болса өз отанында өзгенің бұрышын сағалайтын отандас қалмай, бәрінің басына бір-бір үй бұйыратын күн алыс емес деп сенейік. Ли Куан Ю: «Халқыңызды бақытты еткіңіз келсе, екі нәрсенің біреуін жасауыңыз тиіс. Оларды қанағаттандыратын нәрсені беріңіз: үздік тағам, үздік киім, үздік тұрғын-үй. Егер бұған мүмкіндік болмаса, осы жағдайда жетуге болатын жолды көрсетіңіз»-депті. Біздің биліктің бұқараны бақытты қылу үшін жасауға уәде еткен істерін, оны іске асырудың тетіктерін Азамат Бейбітұлы жіпке тізеді, көріңіздер...

Хабарламаларға жазылу