Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзғандарға 166 млн теңге айыппұл салынған
Карантин басталғалы Нұр-сұлтан қаласында санитарлық тәртіпті сақтамағандарға 740 хаттама толтырылып, 166 миллион теңгеге айыппұл салынған. Оның ішінде бір ғана Есіл ауданы бойынша 150-ге жуық заңбұзушылық тіркелген. Бүгін осы аудандағы ірі сауда орындарына кезекті тексеріс жүргізілді. Ғимараттарда антисептиктер, қауіпсіздік ережелері жазылған жадынама мен келушілер санына қойылатын шектеулер туралы ақпарат ілінген. «Дегенмен, кейбір сатушылар тарапынан әлі де қарапайым сақтық шаралары сақталмайды», - дейді топ өкілдері.
Нұрбек Дәуренбекұлы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасы бастығының орынбасары:Сатушы бетпердені дұрыс тақпаған. Осыған байланысты қазір полиция басқармасының қызметкері түсініктеме алды, іс-шара қолданатын болады. Айыппұл салынатын болады.
Мадина Жолдас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16