Енді қоқыс таситын көліктер GPS-пен қадағаланады
Бұдан бұлай қоқыс таситын көліктерге GPS-датчиктер орнатылады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.
«Тұрмыстық-қатты қалдықтарды жинап, оны кәдеге жаратудың жүйесі туралы және қоқысты қайта өңдеп, қалдықтарды бөлек жинау туралы халыққа хабар беріп отырамыз. Бұл ретте, заңсыз қоқыс тастау мәселесін жүйелі түрде шешу үшін жаңа Экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көліктерге міндетті түрде GPS-датчиктер орнату мәселесі көзделген», - деді министр.
Сондай-ақ Мағзұм Мырзағалиев қоршаған ортаға эмиссиялар және табиғат қорғау іс-шараларына бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы үшін төленетін төлем мәселесіне тоқталды.
«Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама бойынша табиғатты қорғау іс-шараларына эмиссия үшін түскен төлемдерді мақсатты жұмсау міндеттелген. Мысалы, соңғы жылдары жергілікті атқарушы органдар келіп түсетін қаражаттың тек 45% ғана қоршаған ортаны қорғауға бөліп келген. Осыған байланысты заң жобасында жергілікті атқарушы органдар түсетін экологиялық төлемдердің есебінен 100 пайыз көлемінде табиғатты қорғау іс-шараларына қаржы бөлуге міндетті екендігі көрсетілген», - деді ол.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02