Саяси науқанға 1,8 млн қазақстандық қатыса алады

27.10.2020

Қаңтарда өтетін Мәжіліс сайлауында 12 миллионға жуық қазақстандық дауыс бере алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары айтты. Константин Петровтың сөзінше, саяси додаға 20 күн қалғанда тізім тағы тексеріледі. Жалпы, әлемнің 51 елінде 66 сайлау учаскесі жасақталады деп жоспарланып отыр. Ал Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды ұсыну қарашаның 10-да басталады. Партияларды тіркеу желтоқсанның 10-на дейін жүзеге асырылады. Айта кетейік, коронавирус пандемиясына қарамастан, мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау дәстүрлі қағаз форматында – бюллетеньдер арқылы өтеді. Науқанға тұрғылықты тіркеуде жоқ азаматтар да қатыса алады. 

Ерлан Дауылбаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі: 
 -Тіркеуде болмағанның өзінде, қай жерде дауыс бергісі келсе, жергілікті атқарушы органға барып, дауыс беруге өтініш білдіруге құқылы. Сол жердегі тізімге енеді. 

Фариза Мұсақызы

Мәжіліс сайлауы дауыс беру

Хабарламаларға жазылу