Қазақстандықтардың 69 пайызы сайлауға қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың 69 пайызы сайлауға қатысты

20.11.2022

Бүгін 8 млн 300 мың қазақстандық сайлауға қатысып, дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясының қорытынды ақпараты осындай. Ең белсенді өңірлдер - 81 пайызбен жаңадан құрылған Жетісу және Қызылорда облысы. Түркістан және Абай облыстарында халықтың 80 пайыздан астамы саяси науқанға қатысқан. Қазір Қазақстандағы барлық учаскелер жабылғанымен батыс елдерінде 40-тан астам учаске жұмыс істеп тұр.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу