Елімізде халықаралық «Код сағаты» акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде халықаралық «Код сағаты» акциясы басталды

04.12.2018

Бір апта ішінде мыңдаған қазақстандық оқушы компьютерлік бағдарламалауды меңгеріп алады. Елімізде халықаралық «Код сағаты» акциясы басталды. Шараны ұйымдастырушылар желтоқсанның 3-і мен 9-ы аралығында 8 жастан жоғары мыңдаған адамды бағдарламалаудың негізгі тәсілдеріне үйретеміз деп отыр. Науқанға әлемнің 180 елі қолдау білдірген. Соңғы 5 жыл ішінде 100 миллион оқушы қатысып, жаңа технологияның қыр-сырын меңгеріпті. Ал, Қазақстанда бұл шара төртінші мәрте өтуде. Оның аясында бағдарламалау сабақтары тек мектептерде ғана емес, көпшілік ойындарда да ұйымдастырылуда.

Альфия Малакшинова, «Код сағаты» акциясының Астана қаласы бойынша координаторы:

- Науқанға 8 жастан 18 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Сонымен қатар, науқанға әрбір адам кез келген жерде қатысуына болады және өткізуге де болады. Біз оған ашықпыз. Мысалы, бізге жазып, өз мектептеріндегі балаларға өткізулеріне болады.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу