Президент Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қабылдады

27.10.2020

Елімізде тауардың алты бағыты бойынша импортқа тәуелділік байқалады. Сол үшін импортты алмастыру саясатын жүзеге асыру қажет. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты. Министр Президентке еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің жағдайы мен соңғы 9 айдың жұмыс қорытындысы туралы есеп берді. Атап айтсақ, жыл басынан бері ауыл шаруашылығындағы ішкі өнімнің көлемі 5 пайызға артқан. Сондай-ақ, азық-түлік өндірісіне тартылған инвестиция көлемі 15 пайыздан асқан. Құс тұмауының таралуына қатысты мәселелер де шешіліп, аурудың таралуы тоқтады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сапархан Омаровқа ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін жоғарылатуға қатысты бірқатар тапсырма берді. 

Фариза Мұсақызы

Президент Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров

Хабарламаларға жазылу