Президент мемлекеттік туға қатысты заңды өзгерту керегін айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік туды кеңінен қолдану туралы ұсынысты қолдайтынын білдірді. Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажеттігін айтқан.
Президент қолданыстағы заңнамада туды пайдалануға қатысты шектеулер барын, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ілуге тыйым салынғанын атап өткен. Сол себепті заңнамалық және нормативтік актілерді, яғни, мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажеттігін жазған.
Айта кетейік, бұған дейін Парламенттің бірқатар депутаты мен патриот азаматтар мемлекеттік туды кеңінен қолдану туралы ұсыныс білдірген еді.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16