Табиғат қорғаушылары «Елім-ай» сыйлығымен марапатталды
Қазақстанда тұңғыш рет орман шаруашылығын сақтау мен жануарларды қорғау саласындағы қызметкерлерге «Елім-ай» сыйлығы табысталды.
Қоршаған ортаны қорғауда еңбегі сіңген азаматтар 16 аталым бойынша марапатталды. Шараға министрлер мен депутаттар, олимпиада чемпиондары, елге белгілі тұлғалар қатысты. «Елім-ай» марапатын табыстау енді жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді деген жоспар бар.
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:Өткен жылы ақбөкендерді қорғау жолында қорықшыларымыз Ерлан Нұрғалиев пен Қаныш Нұртазиновтың браконьерлер қолынан қаза тапқанын ешкім ұмытқан жоқ. Бүгінгі шара - осынау игі жолда құрбан болған өз ісіне шын берілген азаматтардың еңбегін ескерудің бір көрінісі.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30