Көкшетауда қоғамдық көліктерде санитарлық талаптар сақталмайды

23.10.2020

Көкшетауда қоғамдық көліктерде санитарлық талаптар сақталмай отыр. Автобуста бетперде тақпаған жолаушылар жиі кездеседі. Жүргізушіде медициналық қолғаптың болмауы, залалсыздандыру заттарының жеткіліксіздігі секілді деректер көп. Сондай-ақ кей көліктерде жолаушылар тым көп. Арақашықтық мүлде сақталмайды. 

«Аялдамада тұрған адамдарды алмай кетуге де болмайды», - дейді жүргізушілер. 

Мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Талапты өрескел бұзған 5 автобус бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

Рүстем Сейсенбаев Көкшетау қалалық полиция басқармасының учаскелік инспекторы:
Рейд барысында санитарлық талаптардың бұзылғандығы анықталды. Жолаушылар маска тағуға немқұрайды қарайды. Бетпердені дұрыс тақпайды немесе мүлдем жоқ. Арақашықтық сақталмаған. Біз барлығын түсінеміз. Дегенмен қала тұрғындарын қоғамдық көлікте санитарлық талаптарды барынша сақтауға шақырамыз.

Ермек Елберген

Көкшетау коронавирус санитарлық талап автобус

Хабарламаларға жазылу