Пара алатын судьялар қатаң жазалануы керек - Тоқаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пара алатын судьялар қатаң жазалануы керек - Тоқаев

23.10.2020

Пара алып, заң мен ардан аттайтын судьялар қатаң жазалануы керек. Бүгін судьялардың VIII съезіне қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жетілдірудің төрт жолын айқындап берді. Өйткені процестердегі жемқорлық, қағазбастылық пен қате үкім шығару фактілері әлі тыйылмай тұр. 

Онлайн өткен жиынға судьялардан бөлек, халықаралық сарапшылар да қатысты. Мұнда Мемлекет басшысы алдымен фемида қызметкерлерінің карантиндегі еңбегін ерекше бағалады. Қазір сот отырыстарының 95 пайызы онлайн өтіп жатыр. Күніне осылай 4,5 мың процесс өтеді. Бірақ кемшіліктер жоқ емес. Президент, әсіресе, қоғам мен бизнес және инвесторлар тарапынан судьяларға деген сенімнің жетіспейтіндігін айтты. Сол үшін де оларға процес кезінде әлеуметтік желі мен журналистер тарапынан қысым жасалады. Бірақ бұл мүлде әсер етпеуі керек.  

«Мантия кигендер тек заңға бағынып шешім не үкім шығаруы тиіс», - деді Мемлекет басшысы. 

Әрі судьяларды жұмысқа аларда қатаң іріктеуден өткізу мәселесіне ерекше тоқталды.

Досжан Маратұлы

Судья Президент судьялар съезі Қасым-Жомарт Тоқаев сот

Хабарламаларға жазылу