Қарағанды облысының Еркіндік ауылында карантин жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Еркіндік ауылында карантин жарияланды

22.06.2016
Қарағанды облысының Еркіндік ауылында карантин жарияланды

Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Еркіндік ауылында төтенше жағдай және карантин жарияланды. Екі адам ауруханада көз жұмды. Қазір ауылға кіретін үш бағыттағы негізгі жол жабылып, тәртіп сақшылары бақылауға алған. Ешкім кіріп-шықпайды және сүт пен ет өнімдері сыртқа жіберілмейді. Арнайы ветеринарлық жасақтар жұмыс істеуде. Бұл туралы толығырақ 19:30-да «KazNews»-тің қорытынды жаңалықтарынан біле аласыздар.

Қарағанды облысының Еркіндік ауылында карантин жарияланды

Шығыс Қазақстан Бұқтырма су қоймасындағы су ең жоғары деңгейіне жетті. Қазіргі таңда «Шүлбі» гидростанциясы секундына 3000 текше метр су ағызып жатыр. Бүгінде су басуы мүмкін жерлер анықталып, сақтық шаралары ретінде өзендердің жағасы биіктетіліп, бекітіліп жатыр. Бұл туралы толығырақ 19:30-да «KazNews»-тің тілшісі Б.Көшербай айтып береді.

Бүгін Шортанды ауданында «SALEM MOBILE» мобильді төлем жүйесі іске қосылды. Игі іс «Қазпошта» акционерлік қоғамының қолдауымен жүзеге асты. Қанат қақты жоба Шортандыда тәжірибеден өтпек. Бұл туралы толығырақ 19:30-да «KazNews»-тің қорытынды жаңалықтарынан біле аласыздар

 

Хабарламаларға жазылу