Шалғай ауылдарға жылжымалы медициналық кешендер табысталды

22.10.2020

Ауыл халқы ем іздеп қалаға сабылмайды, оларға медициналық көмек көрсететін көліктер өзі барады. Бүгін Солтүстік аймақтардағы шалғай елдімекендерге жылжымалы медициналық кешендер табысталды. Олар аудан орталығынан 100-200 шақырым қашықтағы ауылдарға қызмет көрсетеді. Бастысы, бұл кешендер отандық өнім, Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында құрастырылған. Ал іші толықтай компьютерлік құралдармен жабдықталған. Азаматтарға 7 түрлі медициналық көмек көрсетуге болады. Мәселен, рентген және ультрадыбыстық зерттеу жасайтын аппараттар қойылған. 

Сондай-ақ гинекологиялық тексеруге, функционалдық және қант деңгейіне зертханалық диагностика жасауға мүмкіндік бар. Әзірге жылжымалы кешендер 24 ауылға ғана берілді. Алда тағы 100 елді мекенге жіберу көзделіп отыр. 

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
Ауылға байланысты пандемия кезінде көптеген сұрақтар туындады. Президент тапсырмасына сәйкес, қысқа уақыт ішінде Қазақстанда жылжымалы медициналық кешендер дайындалды.

Амангелді Сейітхан

емхана

Хабарламаларға жазылу