Жамбыл облысында пошта қызметінің сапасы артпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында пошта қызметінің сапасы артпақ

21.03.2014
Жамбыл облысында пошта қызметінің сапасы артпақ

Жамбыл облысында пошта қызметінің сапасы анағұрлым жақсара түспек. Ауыл-аймақтағы байланыс бөлімшелеріне Наурыз мерекесінде  жаңадан 24 қызметтік автокөлік берілді.

 
Бұл техниканың арқасында енді шалғайдағы ауыл-аймақтарға аптасына бес рет хат-хабарламалар, сәлемдемелер жеткізілетін болады. Ал оларды апару уақыты бір күнге қысқарып отыр. 
 
Сондай-ақ, инкассаторлық қызметке берілген бес көліктің арқасында ақша тасымалдау кезінде болатын қауіп-қатерлер азайды.
 
Ал, өңірдің орталығынан алыс жатқан Мойынқұм және Сарысу аудандарына «УАЗ» көлігіне орнаталыған пошта байланысының жылжымалы бөлімшесі табысталды. Оның іші орталық бағдарламаға қосылған компьютермен жабдықталған.
 
Әлихан Ысқақов, «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры:
Жылжымалы пошта бөлімшелері шалғай ауылдарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға арналған. Ол кез келген ауылға барып, пошта қызметін көрсете алады.
 
Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу