Бүгіннен бастап ауылдарға медициналық пойыз жүреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгіннен бастап ауылдарға медициналық пойыз жүреді

23.05.2022

Бүгіннен бастап шалғай ауылдарға медициналық пойыздар жүреді. «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» деп аталатын пойыз 147 станцияны аралап, халықтың денсаулығын тексереді. Вагондар барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған. Жылжымалы медициналық көмектің берілетіні туралы алдын-ала ауылдарға хабарланады немесе «медпойыз» сайтынан көруге болады. Жоба алғаш рет 2010 жылы жүзеге асқан. Алайда пандемия кезеңінде пойыз қызметі уақытша тоқтады. 2019 жылға дейін 3 млн адам мамандар қабылдауында болып, дер кезінде медициналық көмек алды. Медициналық пойыз 6 қарашаға дейін жүреді.

Альфия Адиева, «Samruk-Kazyna trust» әлеуметтік жобалар дамыту қорының бас директоры:

Медициналық бриагадалардың құрамында терапевтер, стоматологтар, офтальмологтар, маммологтар, хиругтар және басқа да маңызды мамандар өздерінің қызметтерін көрсетеді.


Хабарламаларға жазылу