Павлодар облысындағы медициналық мекемелердің техникалық паркі жаңартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы медициналық мекемелердің техникалық паркі жаңартылды

02.11.2020

Павлодар облысындағы денсаулық сақтау мекемелері 22 реанимобиль және 5 жылжымалы медициналық кешенмен толықты. Ал жыл аяғына дейін аймақтық жедел жәрдем қызметінің көліктері толықтай жаңартылады. Заманауи құралдармен жабдықталған жылжымалы медициналық кешендер шалғай аудандарға жіберілді. Мәселен, биыл Баянауылдың орталық ауруханасына 37 мыңнан аса науқас медициналық көмекке жүгінген. Енді бұл жүктеме азаятын болды. Себебі дәрігерлер ауылдарға арнайы көлікпен өздері жете алады. 

Серікжан Арынов, Баянауыл аудандық ауруханасының бас дәрігері:
Мына кешеннің жақсысы - біз әрбір ауылға барып, қызмет көрсете аламыз. 30-40 адам тұратын елді мекендер бар, ол жерлерде медпункт жоқ. Мынаның ішінде рентген, флюрография, УДЗ аппараты бар. 

Болат Аманбаев

Павлодар облысы

Хабарламаларға жазылу