ШҚО-да жол бойындағы ауыл жұрты малын өріске шығара алмай отыр
Шығыстағы бірнеше ауыл тұрғындары малдарын өріске шығара алмай отыр. Нақты айтқанда, Ұлан ауданындағы Мамай батыр, Сағыр және Бестерек елді мекеніндегі халықтың жолдан өтпек болған төрт түлігін жиі көлік қағып кетеді. Тұрғындардың айтуынша, көлік жүргізушілері ауыл тұсындағы жол бойында мал жүруі мүмкін деген ескертпе белгіні мүлдем елемейді. Себебі төрт түлікті соғып кетсе де, барлық шығынды мал иесі төлейді. Сондықтан жұрт жолдың екі жағын қоршап, ауылдардың тұсына жылдамдықты шектейтін белгі қоюды сұрап отыр.
Дәулетбай Тұғайханұлы, Сағыр ауылының тұрғыны:Заң керек. Күндіз қағып кетсе, көлік жүргізушісі кінәлі болу керек. Түнде өзіміз ие боламыз. Қазір күндіз-түні соға береді. 15-30 миллион теңгенің көлігімен малды соқса, біздің жинаған үйіміз, малымыз да жетпейді.
Нұрымбет Сақтағанов, Ұлан ауданының әкімі:Осы жерде зерделейміз. 500 немесе 800 метр ме орын белгілейміз.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16