Оңтүстіктен солтүстікке көшетін азаматтарға 194 мың теңге жәрдемақы төленеді - Президент тапсырмасы
Ел ішіндегі миграциялық үдерістерді реттеу ісінің тиімділігін арттыра түсу қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Бұл ең алдымен азаматтарымызды еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне көшіруге қатысты. Осы мәселе Ұлттық кеңесте бірнеше рет көтерілді. Оны кешенді түрде шешу үшін, біріншіден, электронды еңбек биржасының базасында бірыңғай ақпараттық ресурс құру керек. Екіншіден, көшуге қатысты мәселелерді оңайлатқан жөн. Мемлекет мигранттарға барынша қолайлы жағдай жасауы тиіс», - деді Президент.
Тоқаев мигранттарға берілетін жәрдемақы мөлшерін екі есеге арттыруды тапсырды.
«Мигранттарды ынталандыратын қосымша шара ретінде оларға берілетін жәрдемақы мөлшерін екі есеге, яғни 35 АЕК-тен 70-ке дейін көбейткен жөн. Үкіметке бір айдың ішінде осы меселені зерттеп, тиісті шешім қабылдауды тапсырамын», - деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы атажұртқа оралған қандастар мәселесін де қозғады.
«Қандастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де толық шешімін тапқан жоқ. Олардың тек бір жылға берілетін қандас мәртесебінің мерзімі біткенше ғана үй алуға мүмкіндігі бар. Ал азаматтыққа ие болған соң, бұл мәртебесі жойылады, сонымен бірге үй алу құқығынан да бірден айырылады. Осыған орай азаматтық алған қандастарымыз солтүстік өңірге көшсе, Үкімет олардың үй кезегінің сақтауын қамтамасыз етуі керек», - деді Тоқаев.
Сонымен қатар Президент «Серпін» және «Дипломмен ауылға» бағдарламаларының тиімділігін саралап, тиісті ұсыныс енгізу керектігін айтты.
«Бұл бағдарламаларды ұтымды түрде жүзеге асыра білсек, Cолтүстік өңір жастар үшін жайлы аймаққа айналар еді. Үкімет осы мәселелерге ерекше көңіл бөліп, жас мамандарға жағдай жасауы үшін нақты шаралар қабылдауыға тиіс», - деді Тоқаев.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16