Алматыда соңғы тәулікте 12 адамнан инфекция табылған
Алып шаћардағы эпидахуал күрделене түсті. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері айтты. Жандарбек Бекшиннің дерегінше, соңғы тәулікте инфекция 12 адамнан табылған. Соның екеуі қауіпті дертті сырттан, яғни, Египетке саяхаттап барып, жұқтырып келіпті.
Жазира Оразқызы, тілші:
-Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бұл мәселе әлі өзекті. Локдаун енгізіле ме, жоқ па деген сауалға жауап беру қиын. Мегаполисте COVID-19-дың болуы ықтимал жаңа толқынына, науқастар санының көбеюіне қарамастан, тығылып той жасау, адамдардың көптеп жиналуы тыйылар емес. Қазір қалада 26 мониторингтік топ жұмысын қайта бастады. Бас санитар сақтық шараларын барынша ұстанған жөн дейді. Әсіресе, жанұядағы кішкентай балалар мен қарт кісілерге аса сақ болған дұрыс.
Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері:
-Адамдар көп жиналатын жерлерге барудан аулақ болуға, шет елдерге бармауға, отбасы мүшелерін қорғауға кеңес береміз. ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз, дәрігерді үйге шақырып, медициналық көмекке жүгініңіз.
Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин қалада індеттің көп таралуына байланысты митинг өткізуге тыйым салу қарастырылып жатқанын айтты. Қазір карантин шаралары қайта күшейтіліп жатыр. Осыған байланысты қазанның 26-сынан бастап шаћардағы кинотеатрлар жұмысын бастай ма? Бас санитар бұл мәселенің де әлі толық шешілмегенін жеткізді. Егер эпидахуал нашарласа, кинотеатрлардың ашылу-ашылмауы ұжымдық шешім негізінде қарастырылады.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«SuperStar KZ»: Кастинг 4-26 сәуір аралығында өтеді
31.03.2026, 20:57
Жаңа модульді робот
31.03.2026, 20:55
Ұлттық құрамалар толық спорттық киіммен қамтылды
31.03.2026, 20:53
Шымкентте жыл басынан бері жол апатынан 6 адам қаза тапты
31.03.2026, 20:17
БҚО-да қоғамдық көлік мектеп автобусына соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті
31.03.2026, 20:16
2,5 мыңнан астам қазақстандық студент Таяу Шығыс елдерінде оқып жатыр
31.03.2026, 20:14
Судьялар Жамбылдың жырын оқып жарысты
31.03.2026, 20:12
WSJ: Трамп Таяу Шығыстағы соғысты аяқтауға ниетті
31.03.2026, 20:12