Абайдың мерейтойына бөлінген қаржыдан 1,7 млрд теңге үнемделді - министр
Абайдың мерейтойына бөлінген қаржыдан 1,7 миллард теңге үнемделіп, бюджетке қайтарылды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді.
«Пандемияға байланысты көптеген шара қысқартылды. Әсіресе, қазақстандық және шетелдік қонақтардың қатысуымен оффлайн режимде өтуі тиіс болған шаралар тоқтатылып, қаражатты республикалық бюджетке қайтардық», - деді ол Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, қаржының қалған бөлігі Шығыс Қазақстандағы инфрақұрылымды жақсартуға, Семейдегі музейді және Абай оқыған Ахмет Риза медресесін жаңғыртуға, Абайдың қастерлі мекені – әйгілі Жидебайды абаттандыруға, Абай шығармаларын 10 тілге аударып, 10 том қылып шығаруға жұмсалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19
Биыл көмір тапшылығы болмайды
11.09.2026, 20:18