Әуезов театры 95-ші маусымын «Абайдың жұмбағы» премьерасымен ашты
Жеті айдан кейінгі жылы жүздесу. Әлемдік пандемияға байланысты осыншама уақыт бірде-бір қойылымы өтпеген Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры бүгін көрерменмен қайта қауышты. 95-шы маусымның шымылдығы «Абайдың жұмбағы» қойылымының премьерасымен ашылды.
Жазира Оразқызы, тілші:-Бүгінгі өнер кешін театр ұжымы да, көрермендер де асыға күткені рас. Себебі, соңғы рет наурыз айында осыдан тура 7 ай бұрын театр сахнасында «Үйлену» спектаклі соңғы рет қойылған еді. Карантинге байланысты театр жұмыс істеген жоқ. Бүгінгі қойылымды тамашалау үшін залдың 50 пайызына ғана билет сатылған. Ал қойылымға келсек, ұлы хакімнің даналығын, даралығын сипаттап, өмірлік-өнерлік баянын зерделеп байқауға деген ұмтылысты суреттейтін «Абайдың жұмбағы» қойылымы. Сахналық нұсқасын Болат Әбділманов пен Мадина Омарова әзірлеген.Ұлы ақынның өз дәуірінде басқалардан ерекшеленуінің, «толық адам» ілімін ашуы мен хакімдік деңгейге жетуінің жұмбағы неде? Қойылым көрерменді осы бір күрделі де терең сауал төңірегінде пайымдауға, өзіндік ой түюге шақырады. Әуезов театры 21 қазанда ұлы Абайдың «Қара сөздері» желісімен жазылған «Қара» деп аталатын драма-диалог ұсынады.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14