Баж сомасына қатысты ЕАЭО хаттамасы мақұлданды

15.10.2020

Бүгін Сенат баж сомасын бөлудің жаңа нормативтерін бекітетін Еуразиялық экономикалық одақ хаттамасын мақұлдады. Заң жобасы ұзақ талқыланды. Өйткені құжатта уәкілетті органдардың кедендік баж мөлшерін есептеу мен бөлудің дұрыстығы, одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттеріне аударылуы сынды маңызды мәселелерді қадағалау тәртібі туралы ережелер қамтылған. Сондай-ақ, хаттамада мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары ережелердің сақталуын жыл сайын тексеретіні жазылған. Ал құжат былтыр қазанда Ереванда жасалды. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:   
-ЕЭО Елбасы бастамасымен құрылды. Оның жұмысын өркендетуге Мемлекет басшысы да баса мән беріп отыр. ЕЭО ең алдымен дауды, тауар айналымын арттыруда және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты күшейтуді көздейді. Бүгінгі қабылданып отырған заң жаңа кедендік баждарды жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыруға үлесін қосады деп сенеміз. 

Отырыста сондай-ақ, депутат Еділ Мамытбеков одақ алаңындағы бірқатар мәселелерге мән беру керектігін ұсынды. Оның айтуынша кедендік бажды бөлу жүйесі жағдайында Қазақстан шикізат ресурстарын сыртқа шығаруға мәжбүр. Сондықтан, келіссөзге қатысушылар алдағы отырыстарда осыны ескеру керек деп отыр. 

Асима Нұрбайқызы 

Мәулен Әшімбаев Сенат баж сомасы ЕАЭО хаттама тауар айналымы инвестиция

Хабарламаларға жазылу