Отандық өндірушілер қантты баж салығынсыз импорттауды сұрап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық өндірушілер қантты баж салығынсыз импорттауды сұрап отыр

01.11.2021

Отандық өндірушілер қантты баж салығынсыз импорттауды сұрап отыр. Бұған дейін оларға мұндай жеңілдік қарастырылған. ЕАЭО елдеріне мамыр айынан қазанға дейін қантты баж салығынсыз тасымалдауға рұқсат етілген еді. Бұл кәсіпкерлерге тауарды 5% салықсыз жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге қант бағасына да әсер еткен. Статистика бюросының мәліметінше, елдегі компаниялар ішкі нарықты қантпен 43 пайызға қамтып отыр. Импорттың үлесі 56 пайыздан асады. Тауардың келісі Нұр-Сұлтанда 320 теңге, Атырауда 315, Павлодарда 300 теңгеден асады. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу