75 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін алып үлгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

75 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін алып үлгерді

16.02.2021
75 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін алып үлгерді

75 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін алып үлгерді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.

«Биылғы қаңтарда ақпараттық жүйелерді интеграциялауға байланысты дайындық жұмысы аяқталған соң Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға арналған өтініштерін қабылдай бастады. 12 ақпандағы жағдай бойынша 1 855,9 млрд теңге сомасына 115 608 өтініш қабылданды. Оның ішінде 423,6 млрд теңге сомасына 78 074 өтініш өңдеуге қабылданып, мақұлданды», - деді ол. 

Айтуынша, 12 ақпанда БЖЗҚ 408,2 млрд теңге сомасына 75 186 өтініш бойынша біржолғы зейнетақы төлемін аударды. Азаматтар алынған жинақтардың 87 пайызын тұрғын үй мәселелерін шешуге, оның 45,5 пайызын - тұрғын үй сатып алуға (ипотекасыз); 28,3 пайызын - ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеуге; 10,5 пайызын екінші деңгейдегі банктерге бастапқы жарна үшін және «Отбасы банкінде» ипотека алуға; 2,3 пайызын жеке тұрғын үй құрылысын салуға, ипотеканы қайта қаржыландыруға, сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті өтеуге ниеттеніп отыр.

Хабарламаларға жазылу