Қазақстан Сербияға 250 млн долларға тауар экспорттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Сербияға 250 млн долларға тауар экспорттауы мүмкін

28.01.2021

Қазақстан Сербияға 250 млн долларға тауар экспорттауы мүмкін. ЕАЭО-қа мүше елдер мен Сербия арасындағы еркін сауда келісіміне қатысты заң жобасы қабылданды. Құжатқа сәйкес енді Сербиядан келетін кейбір тауар түрлеріне кедендік баж салығы салынбайды. Дегенмен ішкі нарықты қорғау үшін құс еті, қант пен маталарды әкелуге және өнеркәсіп тауарларын тасымалдауға импорттық баж салығы сақталады.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:
-Осылайша,ЕАЭО елдері Сербияға ірімшік, алкогольдік ішімдіктер темекі тауарларын бажсыз жеткізе алады. Осыған дейін бұл тауарларға импорттық баж салығы салынған. Жаңа келісім ДСҰ негізінде әзірленген.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу