Зейнетақы қорынан берілетін ақшаның дұрыс жұмсалуын қадағалау керек - Депутаттар

14.10.2020

Зейнетақы қорынан берілетін ақша мақсатты жұмсалуы керек. Яғни үй алуға, емдеуге және сенімгерлік басқаруға берілуі тиіс. Алайда депутаттар бұл қаражатты сот орындаушылар мәжбүрлі түрде алып қоя ма деп алаңдайды. Себебі салымшылардың арасында алимент төлейтіндер мен қарызға батқандар бар. Егер олар мерзімінен бұрын зейнетақы төлемін шешіп алса, қаражат осы берешекті өтеу үшін өндіріліп кетуі мүмкін. Сондықтан зейнетақы ақшасының мақсатты жұмсалуы үшін заңға тиісті түзету енгізуді сұрап отыр. Еске салайық, келер жылдан бастап 700 мыңнан аса салымшы жинақтың бір бөлігін пайдалана алады.    

«Сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңның 98-бабына сәйкес, зейнетақы жинақтары өндіріп алуға болмайтын ақшаға кіреді. Бірақ үй алуға, емдеуге және сенімгерлік басқаруға берілетін қаражат зейнетақы төлемдері болып саналады. Сондықтан бұл ақшадан қарызды өндіріп алуға болады. Енді оны заңмен реттеу керек.

Ақерке Бектас


Зейнетақы қоры Депутат ақша

Хабарламаларға жазылу