Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бөлінген ақша банктерге мамыр айында берілетін болды (ВИДЕО)

19.04.2016
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бөлінген ақша банктерге мамыр айында берілетін болды (ВИДЕО)

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бөлінген ақша банктерге мамыр айында берілетін болды. Арнайы мемлекеттік бағдарлама аясында еліміздегі қаржы ұйымдарына зейнетақы қорынан 200 миллиард теңге аударылғаны белгілі.

Ақша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының айналымын ұлғайтуға және өтелмей жатқан несиелерін қайта қаржыландыруға жұмсалмақ.

Бағдарламаға еліміздегі 35 банктің 30-ы қатысады.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу