Түркияның орта мектептерінде сабақ басталды
Наурыз айынан бері қашықтан оқып келген кейбір сыныптарды елдің Білім беру министрлігі офлайн оқыту туралы шешім қабылдаған. Қыркүйектің ортасында бірінші сыныптар мектепке барған еді, енді қай сыныптар барады екен? Жалпы елдегі эпид-ахуал қандай деңгейде? Бізбен байланысқа шығып тұрған Түркиядағы тілшіміз Айдос Әшімұлы толығырақ айтып береді.
Айдос Әшімұлы, тілші:- Бүгіннен бастап Түркияда бастауыш 4-сынып пен 8-ші және 12-ші сыныптар сабаққа барды. Елдегі эпид-ахуалдың күрделілігіне қарамастан Білім министрлігі осындай шешім қабылдаған. Себебі 8 сыныптар биыл жоғары сыныпқа өту үшін арнайы тест тапсырады. Ал 12 сыныптар мектеп бітіру емтиханын тапсыруы тиіс. Осы сынақтарға дайындалу үшін қашықтан берілген білім жеткіліксіз дейді мамандар. Сыныптар бірнеше топқа бөлініп, әр топ мектепке аптасына екі рет қана барады. Аптаның басқа күндері қашықтан оқуды жалғастыра бермек. Дегенмен баланы мектепке жіберу-жібермеу туралы соңғы шешімді ата-аналар қабылдайды. Осыған қатысты Білім министрінің сөзіне құлақ түрейік.
Зия Сельчук, Түркияның білім министрі:-Мектептеріміз санитарлық талап бойынша оқушыларды қабылдауға толық дайын. Дегенмен, бұған дейін де айтқанымдай, егер ата-ана баланың денсаулығына алаңдап, оны мектепке жібермеймін десе, ол өз еркінде. Оқушы қашықтан білім ала береді. Алайда ұмытпауымыз керек. Мектепте оқыған оқушы да, қашықтан оқыған оқушы да жыл соңында бірдей емтихан тапсырады.
Айдос Әшімұлы, тілші:
-Ал елдегі вирустың таралуы әлі де басылмай тұр. Күн сайын коронавирус жұқтырғандар саны 1500-1600 адамдай болып отыр. Дегенмен, Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша әзірге вирустың таралуы толық бақылауда, сондықтан елдегі карантиндік шараларды күшейтуге негіз жоқ. Бүгінге дейін Түркияда вирус жұқтырғандар саны 330 мыңның үстінде, ал қайтыс болғандар 8 мыңнан астам.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06