Павлодарда 4 қабатты сауда орталығы өртенді
Павлодар қаласында 4 қабатты сауда үйі өрттенді. 7 мың шаршы метрлік ғимараттың 1-ші және 2-ші қабатындағы 1500 шаршы метр аумақтың сау тамтығы қалмады. Негізінен дүңгіршектер мен әкімшілік қызметкерлері отыратын кеңсе отқа оранған. Өрт түн ішінде шыққандықтан, бой бермей, біраз аумақты жылын шарпыған. Сондықтан өрт сөндірушілерге полиция және қалалық су арнасы кәсіпорны көмекке келді. 17 техника мен 80-нен аса адам жабылып, 3 сағаттан соң ғана өрт сөндірді. Алдын ала мәліметке қарағанда, жалынның тұтануына электр сымының тұйықталуы себеп болған. Қазір барлық шығын есептеліп жатыр.
Айбек Әбілдинов, кәсіпкер:
Ет сатамыз біз. Осында қалған өнім әбден ысталып, күйіп кеткен екен. Ол өнім енді саудалауға жарамсыз. Шамамен 500 мың теңгенің еті қалған еді. Не істерімді, кімге шағым айтарымды білмеймін. Біраз адам шығынға батып, жұмыссыз қалдық.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу үшін ОСК-ға құжат тапсырды
14.07.2026, 08:18
Табиғат жанашырлары бұлақ көзін тазартты
13.07.2026, 20:57
Жер учаскесіне мемлекеттік акт енді тек онлайн рәсімделеді
13.07.2026, 20:55
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мүмкіндіктері талқыланды
13.07.2026, 20:39
ӘЧ – 2026: Аргентина жартылай финалда
13.07.2026, 20:37
Петропавл қаласының құрылғанына 274 жыл толды
13.07.2026, 20:18
Райымбек ауданының 90 жылдығы тойланды
13.07.2026, 20:17
Халықаралық этнофестивальге 50 мыңға жуық адам келді
13.07.2026, 20:13