Басты Жаңалықтар Мәскеуде «Синдика» сауда орталығы өртенді

Мәскеуде «Синдика» сауда орталығы өртенді

Мәскеуде «Синдика» сауда орталығынан өрт шығып, бірнеше адам жараланды. Әзірге зардап шеккендердің нақты саны белгісіз. 

Тілсіз жау ғимараттың бүкіл аумағын шарпыды. Сондай-ақ, мың шаршы метр шатыр жанып, опырылып түскен. Көлік қоятын орын толығымен өртеніп, лапылдаған оттан кейбір автомобильдер жарылған. Ал, ғимараттың төбесінен көк түтін будақтады. 3 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Оқиға орнына 350 өрт сөндіруші, ондаған техника және 3 тікұшақ тартылған. Жергілікті құтқару қызметі өрт толығымен сөндірілді деп мәлімдеді. Апатқа не себеп болғаны бегісіз. Болжамдарға қарағанда, шығын көлемі 5 миллиард рубльге жетуі мүмкін.

Айта кетейік, «Синдика» сауда орталығының аумағы 150 мың шаршы метрді алып жатыр. Онда 1000-ға жуық дүкен жұмыс істеген.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Бөлісу