Талдықорғанда сауда орталығы өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда сауда орталығы өртенді

08.01.2018

 

 

Талдықорғанда сауда үйі өртенді. Қызыл жалын 3 қабатты орталықтың 1300 шаршы метрін жалмаған.

 

Өрт туралы ақпарат кезекші бөлімге сағат 12:55-те келіп түскен. Тілсіз жау бір сағат ішінде ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.

 

Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, өрттің себеп-салдары мен шығын көлемін анықтауда.

 

Айта кету керек, бұл сауда орны осыдан 10 жыл бұрын да өртенген. Ол кезде жалын 2500 шаршы метрді шарпыған болатын.

 

Несие алып, сауда жасап, нәпақа тауып отырған жандар қыруар шығынға баттық деп налиды.

 

Гүлшат, кәсіпкер: 

Шығарғанымызша шығардық. Қалғанын ішке кіргізбей қойды. Бәрінің еңбегі ішінде қалды. Ешкімді ішке кіргізбейді.

 

Азамат Жұртбаев, облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ресми өкілі:

Қазіргі таңда жұмыс орнында 11 техника және 45 адам жұмыс істеуде. Сонымен қатар, жақын аудандардан өрт сөндіру бөлімдерінен өрт сөндірушілер жұмылдырылып отыр.

 

 

Қуаыш ҚАНАТҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу