Қазақстанда зейнет жасын 60-қа дейін төмендету ұсынылды
Ерлер мен әйелдердің зейнет жасын 60-тан асырмау керек. Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан депутат Айқын Қоңыров Үкімет басшысына осындай сауал жолдады.
Нысаналы Ығыл, тілші:Коммунистер коронавирус ең алдымен егде адамдарға қауіпті дегенге сүйеніп отыр. Сондықтан оларды барынша індеттен іргесін аулақ салу үшін қамқорлыққа алуды алға тартады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, COVID-19 вирусы жасы алпыстан асқан адамдарды алып кетіп жатыр. Себебі иммуннитеті төмендеп, денсаулығы нашарлап, ауру-сырқауы көбейеді. Ауруды жұқтыру ықтималдығы жоғары болады. Міне, зейнет жасын 60-қа дейін төмендету ұсыныс пандемияға байланысты жасалып отыр.
Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Биыл тамыз айынан бері 110 981 адам қайтыс болған. Олардың ішінде жасы алпыстан асқандардың саны – 78 637. Тұмау тарайтын кезде COVID вирусынан өлім-жітім көейе түсуі мүмкін. Індеттің екінші толқыны келетіні болжанып жатқан уақытта әсіресе егде жастағы кісілерді сақтауымыз керек.
Нысаналы Ығыл, тілші:Сондай-ақ Мәжілісте электр энергетикасы мәселелері бойынша заң жобасы таныстырылды. Депутат Шавхат Өтемісов электр энергетикасы жүйесінде еліміз шет елдерге тәуелді дейді. Мысалы Ресейге жыл сайын 10-12 млрд теңге жұмсалады. Ал егер маневрлік электр қуатын іске асырсақ, қаражат өзімізде қалады. Одан бөлек энергия тұтынуды реттеуге қол жететкіземіз деп отыр. Яғни, жарықты жағудың кешке жоғарылап, түнде төмендеу кезінде станциялар ауыспалы жұмыс тәртібіне оңай көше алады. Заң жобасы мақұлданды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
09.05.2026, 12:00
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
09.05.2026, 11:35
«Жақанов әлемі: фотошежіре» фотокөрмесі ашылды
09.05.2026, 11:30
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26