Шығыс Қазақстанда 42 бала коронавирус жұқтырған

06.10.2020

Қауіпті вирус алғашқыда Алтай ауданында тұратын баладан анықталған. Ал қазір бұл тізімге Өскемен, Семей, Риддер қаласы және тағы басқа 5 аудан қосылды.

Ал індетке шалдыққан Оралдағы екі мектеп оқушысының жағдайы бір қалыпты. Балалардың бойында ауру белгілері білінгенде анасы мектепке жібермей, дәрігерлерді шақыртқан. Осының нәтижесінде вирус кең тарамаған. Мәселен балалармен қарым-қатынаста болғандардың арасында індет анықталмады. Соған қарамастан мектепте карантиндік шектеу енгізілді. Қазір өңірдегі балабақша мен мектептерге күнбе-күн мониторинг жүргізіліп отырады. 

Нұрлыбек Мұстаев, БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

-Жағдайы бір қалыпты болғандықтан медициналық қызметкерлер үйінен тиісті ем алуға жолдаған болатын. Әкесі де үйінен де ем алуда. Қарым-қатынаста болған оқушылардың барлығының жағдайлары бірқалыпты. Оларда да оқшауланып, ПТР сынама алынып, болымсыз нәтиже көрсетті.  

Берік Көшербай

Шығыс Қазақстан коронавирус

Хабарламаларға жазылу