Шығыс Қазақстанда 2-ші сынып оқушысынан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда 2-ші сынып оқушысынан коронавирус анықталды

23.09.2020

Шығыс Қазақстанда 2-ші сынып оқушысынан короновирус анықталды. Алтай ауданына қарасты Парыгина ауылындағы мектептің кезекші сыныбында білім алып жүрген баланың бірнеше күн бойы дене қызуы 37 градус болған. Барлық симптомдары вирусты індетке ұқсаған және ПТР-тест оқушының коронавирус жұқтырғандығын көрсеткен. Қазір бала үйінде ем алып жатыр, жағдайы жақсы. Ол оқыған сыныпта барлығы 12 бала болған. COVID-19 инфекциясын жұқтырған кезекші сынып оқушысының анасы мұғалім болып жұмыс істейді. Қазір науқаспен байланыста болған адамдардың барлығы тексеріліп жатыр. Ал COVID жұқтырған бала оқитын мектеп жабылуы мүмкін.

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі: 

- Кем дегенде екі аптаның ішінде инкубациялық кезең бар. Сол уақытқа дейін ғана бұл ауру шығуы мүмкін. Егерде кезекші сыныпта оқитын балаларда немесе балабақшада осындай жағдай анықталса, сол мекеме түгел жабылады. Әрине, басқа мекемелерге қатысы жоқ.

Бүгінде Шығыс Қазақстан бойынша кезекші сыныптарда 53 мыңнан астам бала оқиды. Ал жалпы еліміз бойынша кезекші сыныптарда 500 мыңнан астам бала білім алуда.

Берік Көшербай




Хабарламаларға жазылу